С.Жүнісов «Қылмыскер» (драма )
Өмірлік философияға негізделген, терең ойға жетелейтін, аңызға бергісіз шындықты, шындыққа бергісіз аңызды тиек еткен трагедиялық драма. Осы заманда кім қылмыскер, кім әділ қазы? Жалпы қылмыс деп нені айтамыз? Өз қарабасының ғана қамын ойлаған, менменшіл адам, жарық дүние есігін енді ашқалы тұрған күнәдан пәк шыбын жанды ойланбастан өлімге қыйя салады. Ол ісін ақтап қаншама дәлел айтады. Жер бетіндегі соғыстан, табиғат апатынан қаза болғандарды да орынды деп санайды.Оның пайымдауынша, ондай жағдайлар болмаса жер бетіне адамдар сыймай кетер еді.
Қоюшы режиссер - Ә. Ақанов
Режис.көмекшісі - А. Балтабаева ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты
Қоюшы суретші – А. Шәріпова
Муз.көркемдеуші – С. Уразалимова
Рольдер мен орындаушылар:
Елеусіз - Ж. Доспаев, ҚР мәдениет қайраткері
Назира - Г.Омарова, Қ. Мұсанова, ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты,
. Б. Исабекова
Шалам – Б. Тоқатов, К. Қарымсақов
Әлемқұл - Р. Нығманов ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, М. Садығазин