К. Жұмабеков
«Адасқандар»
/драма/
Қойылым желісі ислам дінін өзгеше уағыздаушылардың арбауына түсіп, теріс ағымның ықпалында кеткен Баянғали есімді жас жігіттің өмірі жайында өрбиді. Санасы уланғаны сонша, жүріс-тұрысын түбегейлі өзгерткен ол ақыл-кеңестерін айтып, алдына кес-кестеп шыққан ата-анасын да кеудеден итереді. Сондағы мақсаттары оңай жолмен мол ақшаға қол жеткізіп, жайлы өмір сүру.
Ақыры, от пен оқтың арасына түсіп, ланкестік топтың мүшесіне айналғанын, жолынан жаңылғанын кеш түсініп, райынан қайтқанымен, өзі де әйелі де қаруластырының қолынан қаза табады.Â
Қоюшы режиссер – Р. Тәжібаева ҚР еңбек сіңірген әртісі
Реж. ассист. – Т. Атамбек ҚР мәдениет қайраткері
Қоюшы суретші- А. Шарипова
Муз. көркемдеуші - С. Уразалимова
Â