А.Вампилов
қазақшаға аударған Тұңғышбай Жаманқұлов
Метранпаж деген не?
Қойылым желісі келесідей. Орталықтан шеткері жатқан шағын қалашықтың аядай ғана қонақүйінің әкімшісі (администраторы) Калошинның басынан кешкен күлкілі әрі аянышты оқиға спектакль негізі болады. Қонақүйге орналасқан мәскеулік мейман Потапов футбол десе ішкен асын жерне қоятын адам. Футбол ойынын көрмекші болып бөлмедегі теледидарын қосса ол істемейді екен. Жанұшырған футбол жанкүйері есігі ашық тұрған көрші бөлмеге кірсе ондағы теледидар жап-жақсы көрсетіп тұр екен. Ойынның қызығына молынан батып, рахаттанып отырған бейтаныс кісіні өз бөлмесіне оралған Виктория көріп, аң-таң болады. Осы кезде бөлмеге Калошин кіріп келеді. Ер жігіт пен әйел адамның оңаша отырғандарын ол басқаша жорып, бөлмедегі Потаповқа жұдырық жаудырып, қуып шығады. Артынан ол мәскеулік мейман екенін және оның еш кінасыз екенін естіген Калошин қатты күйзеледі.
Көрерменді күлдіре отырып, адамның сай-сүйегін сырқырататын сөздермен санаңды сансыратады. Метранпаж, яғни, баспаханадағы қарапайым әріп терушінің кім екенін білмей қамығып, оны министрліктен келген «дөкей» деп шатастырған Семенның сөзімен қоғамның қасіретін түсіндіргендей. Жоғары лауазым иелері алдында қудай жорғалайтын, ар-ұяттан безген жағымпаз адамдар қылықтары әшкереленеді.
Қоюшы режиссер - Е. Қауланов. Қоюшы суретші – А. Шарипова
Режис. ассистенті – А. Балтабаева ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты
Муз.көркемдеуші – С. Уразалимова
Рольдер мен орындаушылар:
Потапов - М. Садығазин, Б. Тоқатов
Виктория - А. Балтабаева ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты , Т. Әдебиетова
Колошин- К.Қарымсақов
Марина - Қ. Жексембаева ҚР мәдениет қайраткері, Б. Құрбанова ҚР мәдениет қайраткері
Рукосуев - Б. Шәнім ҚР мәдениет қайраткері, К. Қарымсақов
Камаев - Â Р. Нығманов ҚР Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, Е. Боранбаев