22-23 қыркүйекте Павлодар облысында Қазақстанның халық артисі, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтті. Мерекелік шараларға құрметті қонақ ретінде Ж.Шаниннің немересі Болат Шанин және шөбересі Тоғжан Шанина қатысты.
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте Республикалық ғылыми практикалық конференция өтті. Кешкісін Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиялық драмасының көрсетілімі болды.
Ертеңінде мерейтойлық шаралар Ж.Шаниннің туған жері Баянауылда жалғасып, Республикалық ақындар айтысы өтті.