Толқын Әдебиетқызы Әдебиетова 1986 жылы 3 қаңтарда Павлодар облысы Ертіс ауданында туған, 2012ж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім мамандығы бойынша оқуын тәмәмдады.

      2007 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында жұмыс істеп келеді.

        Ойнаған рөлдері: БМұқайдың «Тоят түні»-Баян, А.Цагарелидің «Ханума»-Сона, Р.Кунидің «Шытырман оқиғасы»-Джейн, Қ.Шармановтың «Шарана»-Нұрсұлу, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»-Ақбілек, Д.Исабековтың «Мұрагерлер»-Қалыңдық, «Пай, пай, жас жұбайлар-ай»-Ләззат, Д.Исабековтың «Әпке»-Светлана, С.Раевтың «О,Қыздар»-Зейне, «Бір түп алма ағашы»-Ләйлә, Ж.Артықбаевтың «Малайсары Тархан»-Ұйғыр қызы, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу»-Ботка және т.б.

     Сонымен қатар балаларға арналған ертегілерде өзіне тапсырылған рөлдерді ойнады. Өзі сондай мейірімді, жылы жүзді, ақжарқын. Әрдайым үлкендердің ақыл-кеңестерін тыңдап жүреді, тапсырған рөлдерді, тапсырмаларды тиянақты және жауапкершілікпен орындайды.

          Қалалық, облыстық түрлі қоғамдық мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Өзін тек жақсы қырынан көрсете біледі.