Материалдар

Сулейменова Айгерім

        Айгерім Танербергенқызы Сулейменова 1988 жылы 5 тамызда Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылында туған.

 2009 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің музыкалық білімі мамандығы бойынша дипломын алып, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына жұмысқа қабылданды.

Жұмыс істеп жүрген жылдары аралығында мынадай рөлдерді сомдадды: Т.Ахтановтың «Күшік күйеу»-Ботка, Б.Мұқайдың «Тоят түні»-Баян, Е.Жуасбектің «Үйлену»-Желек, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі»-Мәмпәси, Қ.Шармановтың «Шарана»-Бақыт, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық»-Сәния және т.б.

Сонымен қатар балаларға арналған ертегілерде де «Жоғалған пияз»-Флора (мысық), «Батыр әтеш»-Қоян, «Қорқақ көжек»-Көжек, «Қаңбақ шал»-Кемпір, «Аяз атаның сыйқырлы таяғы»-Түлкі және т.б. рөлдерде ойнады.

Айгерим мінезі жағынан ақжарқын, кез келген адамдармен тез тіл табыса алады. Өзі білімді, жауапты, тапсырылған міндеттерді уақытында орындайды.

Жұмысына ынталы, ұқыпты қарайды. 

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271