Тоқатов Бек Молюкович 1974 жылы 3 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында туған.

1981-1991жж. Теректібұлақауылының орта мектебінде білім алды.

1992 жылы әскери қатарға шақырылып, өз азаматтық борышын өтеді.

1994 жылдан бастап 2007 жылға дейін көптеген мекемелерде  әртүрлі қызметте жұмыс жасады.

2007 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында драма артисі болып жұмыс істеп келеді. Ойнаған рөлдері: И.Штраустың «Жарқанатында»-Жалшы, Орманшы, М.Әуезовтің «Айман - Шолпанында»-Ақсақал, Ж.Артықбаевтың «Малайсары-Тархан» тарихи драмасында–Ақсақал, «Шытырман оқиғасында»-Официант, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»-Ақбала, Офицер, С.Ахмадтың «келіндер көтерілісінде»-Кемел, Қ.Шормановтың «Шарана»-Ермек, С.Жүнісовтың «Қызым саған айтам»-Солдат, «Қысылғаннан қыз болдық», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр»-Жаманбай, Е.Жуасбектің «Үйлену»-Көмекбай, М.Шахановтың «Ана-Жер-Анасында»-Әшірәлі, Е.Төлеубаевтың «Оян қазқа, ойлан қазақ»-Солдат, балаларға арналған ертегілерде «Гаухарлы күшік»-Пропка, «Қабыл-Дабыл»-Қабыл, «Алладиннің сиқырлы шамы»-Маликаның әкесі, «Батыр көжек»-Лақ, «Қыдыр атаның сиқырлы аса таяғы»-Қасқыр, «Жоғалған пияз»-Гаспер және т.б. кейіпкерлерді сомдап келеді.

          Өз еңбегіне деген адалдықпен, театрға деген үлкен сүйіспеншілікпен қатар жүрген әріптестерінен үйрене жүріп, өсудің арқасында қазіргі кезде театрдағы жетекші әртістердің біріне айналды.