Материалдар

Жамышева Аида Бауыржанқызы

Жамышева Аида Бауыржанқызы 1989 жылы дүниеге келген.

Павлодар қаласының Чайковский атындағы музыкалы колледжін 2008 жылы тәмәмдады.

Қазіргі таңда ПМПИ-да музыкалы бөлімінде оқуын жалғастыруда.

2002 жылы «Абай оқулары» сайысында бірінші орынға ие болды.

Сахнада көптеген рөлдерді сомдап, көрермендердің көңілінен шығып жүр, әрқашан ізденіс үстінде, еңбекқорлығымен, лирикалық, драмалық дарындылығымен үлкен тұлғаларға дейін жетіп жүр. Қатар жүрген әртістерден үйрене жүріп, өсудің арқасында қазіргі кезде театрдағы талантты әртістерінің бірі болып табылады.  Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы көрермендерге осы спектакльдермен танымал болып жүр. Сая  Қасымбектің «Палатасында»  - Айша, Қасым Аманжоловтың «Досымның үйленуінде» - Мәмпәси, Рэй Кунидің «Шытырман оқиғасында» - Фостэр бике, С.Раев «О, Қыздар» - Флюра, «Атау кере»-Айна, А.Өтен «Желтоқсан ызғары» - Сымбат. Балаларға арналған «Батыр көжек», «Алладиннің сиқырлы шамы», «Ауылдағы демалыс» ертегілерінде үлкен табыспен ойнап жүр.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271