Материалдар

Омарова Гүлжанат

Омарова Гүлжанат Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын 1989 жылы ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Хадиша Бөкееваның шеберханасынан тәмамдады.

1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылуына орай осы өнер шаңырағына келді.

С.Торайғыровтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жазушының сүйген қызы Мәликені ойнады. Көкшетау қаласында өткен Ақан Серіні 150 жылдық мерейтойында Ақтоқты образын сомдап жоғары бағаға ие болды.

Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық комедиясында – Теңге, У.Шекспирдің «Кароль Лирында» - Регана, И.Кальманның «Сильвасында» - Ангильда, А.Цагарелидің «Ханумасында» - Кабато, Э.Филиппо «Филумена Мартурано» - Разалия, А.П.Чеховтың «Шағаласында» - Полина, М.Байсеркенов «Кене хан» тарихи драмасында – Бопай, Т.Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасында – Файруза, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» - Биғайша, Д.Исабековтың «Мұрагерлерінде» - Әйел, «Ақнұр» - Жұпар, «Махаббат аралы» - Айна, С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Сабира, Д.Исабеков «Әпке» - көрші әйел, Е.Төлеубайдың «Оян қазақ, ойлан қазақ»-Пәдрес, Қ.Шормановтың «Шарана»-Дәметкен, И.Байзақовтың «Ақбөпе» моноспектаклінде – Ақбөпе рольдері арқылы көрермендер тарапынан жоғары бағалауға ие болуда.

«Отырар дастаны» спектаклімен Каир қаласына барды және М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен Түркия қалаларына қатысты.

2007 жылы Республикалық ХІV театрлар фестивалінде «Ақбөпе» моноспектаклінмен қатысып «Ең үздік әйел» образы сыйлығын жеңіп алды.

2010 жылы Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2010 жылы Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған драмалық және музыкалы-драма театрлары әнші-актерлерінің Республикалық байқауының дипломанты. 2010 жылы Театр қайраткерлері одағының Еңлікгүл сыйлығының және құрмет грамотасының иегері.

2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» моноспектаклін Астана қаласында орындаған үшін жоғары бағаға ие болды.

2011 жылы облыс әкімінің грантымен марапатталды.

2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медаль берілді.

2016 ж. желтоқсанда «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271