Материалдар

Мұсанова Құралай Аманжолқызы

Мұсанова Құралай Аманжолқызы 1973 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Тохта ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтының «Музыкалы комедия» факультетінің «музыкалы театр актері» бөлімін тәмамдады.

Арнайы жолдамамен Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына келді. Театр репертуарындағы Ғ.Мүсіреповтің-«Махаббат дастаны» трагедиясында–Мақпал, Ж.Аймауытовтың «Шерниязында»-Жәмилә, «Ақбілегінде»- Ана, Еврипидтың «Медеясында»-Корифей, Н.Гогольдің «Үйленуінде»-Фекла Ивановна, А.Чеховтың «Шағаласында»-Палина Андреевна, Ф.Буляковтың «Күйеуге қашқан кемпірлерінде»-Полина, Т.Минуллинның «Дилляфруздың төрт жігітінде»-Сәжидә, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде»-Мехри, Ш.Айтматовтың «Ана Жер-Анасында» - Айша, С.Раеевтың «О, қыздарында»-Жарқынай, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясында–Алма, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясында–Майра, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасынды–Мәдина, Р.Ыбраеваның «Махаббат пен кесапатында»-Жанна, М.Қасеновтың «Пай–пай, жас жұбайлар-ай» комедиясында–Ғазиза, Б.Жакиевтың «Әке тағдырында»-Майраш, Д.Исабековтің «Әпке» драмасында–Светлана, Е.Төлеубайдың «Оян қазақ, ойлан қазақ»-Пәдрес, О.Бөкеевтің «Атау кере»-Марфа, Е.Жуасбектің «үйлену»-Мелек және т.б. көптеген рольдерін сомдауда.

2005 жылы Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды. 2006 жылы театрдың құрмет грамотасы берілді.

2008 жылы Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреты атанды.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271