Материалдар

Балтабаева Айсұлу Ахметбекқызы

Балтабаева Айсұлу Ахметбекқызы 1978 жылы 17 қыркүйекте Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Жабағлы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтының «Актер және кино» факультетінің «Драма актері» бөлімін тәмамдады. Арнайы жолдамамен Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына келді. Театр репертуарындағы Ғ.Мүсіреповтің - «Еңлік - Кебек» трагедиясында – Жапал, Ж.Аймауытовтың «Шерниязында» - Раушан, «Ұлпан - Есенейінде» - Бибіжаһан, Н.Гогольдің «Үйленуінде» - Арина Пантелеймоновна, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» - Нигора, Ш.Айтматовтың «Ана Жер - Анасында» - Айша, С.Раевтың «О, қыздарында» - Зейне, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясында – Алма, С.Жүнісовтің «Қызым саған айтам» драмасында – Сәуле, «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясында – Айгүл, Т.Нұрмағамбетовтың «Табалдырығыңа табын» драмасында – Сағын, Ө.Ахметовтың «Желтоқсан ызғарында» - Айша, Д.Исабековтің «Мұрагерлер» драмасында – Қалыңдық, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Сағыныш, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»-Ақбілек, «Оян қазақ, ойлан қазақ»-Ғаникамал, Ж.Шаниннің «Арқалық батыр»-Қарагөз, Е.Жуасбектің «Үйлену»-Желек, «Ақнұр»-Бота, «Отырар дастаны»-хор, Р.Ыбраеваның «Махаббат пен кесапат»-Әсем, Ә.Сығаевтың «Жақсы кісі»-Ұлжан және т.б. көптеген рольдерін сомдауда.

2005 жылы «Ең үздік актриса» номинациясы берілді.

2006 жылы «Ең үздік эпизод» номинациясына ие болды.

2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреты атанды.

2011 жылы Облыс маслихатының алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы Қала әкімінің алғыс хаты берілді. Қазіргі уақытта театрда режиссердің ассистенті жұмысын қоса атқаруда.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271