Материалдар

Құспан Дина

     Құспан Дина Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын профессор, ҚР халық әртісі Шолпан Жандарбекованың шеберханасынан тәмамдады.

    1991 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрынына келді.

    Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясында – Мақпал, «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Дәмелі, «Қыз Жібегінде» - Батсайы, М.Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясында – Текті, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - Зәру, Ж.Аймауытовтың «Шерниязында» – Күтуші әйел, Иран – Ғайыптың «Естайдың Қорланында» - Айнаш, Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесуінде» - Апа, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасында – Зухра, А.Сейдімбек, Б.Ұзақовтың «Күзеуде» драмасында – Уәкила, С.Раевтың «О, қыздарында» - Комендант рольдерін ойнады.

     2010 жылы Павлодар облысы мәдениет басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271