Атамбек Талжібек Жұмаділқызы «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын 1986 жылы доцент Е.Сегізбаевтың шеберханасынан тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң С.Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық драма театрына режиссер Ж.Хажиевтың шақырумен қызмет етті. Өзіндік актерлік шеберлігінің арқасында жас дарын иесі театр репертуарынан өзіне лайық орынға ие болды.

    1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылуына орай осы өнер шаңырағына келді.

    1990 жылы І Республикалық эстрадолық-түп жанры сайысының лауреаты.

  1992 жылы Павлодар қаласында өткен «Драма әртістері ән салады» Республикалық әншілер фестивалінде ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.

   2004 жылы Сәкен Жүнісовтің 70 жасқа толуына арналған Республикалық театр фестиваліне «Қызым саған айтам...» спектакілімен қатысып, Рәзия ролі үшін «Аса үздік актер шеберлігі» номинациясына ие болды.

   Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» музыкалық комедиясында – Айман, Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында – Жібек, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - әнші Майра, И.Штраустың «Жарқанатында» - Розалинда, И.Кальманның «Сильвасында» - Сильва, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Дениза, У.Гаджибековтың «Аршин Малаланында» - Жихан, А.Цагарелидің «Ханумасында» - Ханума, А.П.Чеховтың «Шағаласында» Заречная, Ш.Айтматовтың «Ана - Жер - Анасында» - Жекшенқұлдың әйелі, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасында – Гүлбаршын, Б.Жақиевтың «Әке тағдырында» - Бурыл, Иран – Ғайыптың «Естайдың Қорланында» - Қорлан, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» - Биғайша, Д.Исабековтың «Мұрагерлерінде» - Комиссия мүшесі, Ө.Ахметтің «Желтоқсан ызғарында» - Бәтжан, М.Баджиевтің «Тіл табысқандар» Е.Төлебайдың «Оян қазақ, ойлан қазақ»-Ғаникамал рольдері арқылы көрермендер тарапынан жоғары бағалауға ие болуда.

    Омбы қаласында Жібек образы үшін губернатор Полежаев тағайындаған жүлдеге ие болды.

    2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

    2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медаліне ие болды.