Садығазин Медет Сәрсенбайұлы 1982 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Алексеевка совхозында туған.

   1999-2003ж. аралығында Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы өнер колледжін тәмәмдады.

   2003-2005ж. аралығында «Шаңырақ» мәдени орталығында жұмыс істеді.

   2005 жылдан бастап Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында актер мамандығы бойынша қызмет жасап келеді. Сахнада ойнаған кейіпкерлеріне үлкен еңбекқорлықпен, ізденіспен шығарып көрермендердің көңілінен шығып келеді.            Ғ.Мүсіреповтың «Махаббат дастанында»-Қарабай, Ж.Артықбаевтың «Малайсары Тарханында»-Шал, Д.Исабековтың «Актрисасында»-Бизнесмен, С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық»-Директор, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы»-Барон, Гогольдың «Үйленуінде»-Яичница, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі», Р.Кунидің «Шытырман оқиғасы»-Басқарушы, О.Бөкеевтің «Атау Кере»-Захар, Ж.Шаниннің «Арқалық батыр»-Ван-Жун, Р.Ыбраеваның «Махаббат пен кесапат»-му-му, Д.Исабековтың «Мұрагерлер»-Бейтаныс, Т.Нұрмағамбетовтың «Табалдырығына табын»-Шофер, «Біржан-Сара»-Жанбота, М.Әуезовтың «Айман-Шолпан»-Болпық, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі»-Әкім және т.б.

    Әрқашан ізденіс үстінде. Қоғамдық жұмыстарға белсеңе қатысып, қала, облыс көлемінде өтетін мәдени шаралардың бел ортасынан көрінуде. Талантты, даырнды әртіс, әріптестердің арасында беделді.

    2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын музыка білімі бойынша диплом алды.

    2001 жылы Қарағанды қаласында «Жас сұңқар» конкурсына белсене қатысқаны үшін алғыс жарияланды.

    2001 жылы Қарағанды қаласында Манарбек Ержановтың 100 жылдық мерейтойына арналған халық әндерін орындаушылардың І облыстық конкурсына қатысқаны үшін алғыс хат берілді. Естай Беркімбаевтың 130-жылдық мерейтойына арналған Естай әндерін орындаушылардың облыстық сайысына қаытсып, алғыс хатына иеленді.

   2004 жылы Естай Беркімбаевтың әндерін орындаушылардың ІІ облыстық әншілер байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

   2005 жылы Ж.М.Байжановтың туғанына 170 жыл толуына арналған қалалық әншілер байқауында І орынға ие болоып, дипломмен марапатталды.

   2010 жылы И.Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған драмалық және музыкалы-драма театрлары әнші-актерлерінің Республикалық байқауында алғыс хат берілді.