Материалдар

Шәнім Бейбіт Кәрімұлы

      Шәнім Бейбіт Кәрімұлы 1962 жылы туған. Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Р.Машурованың шеберханасынан тәмамдады.

     1991 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында өнер жолын бастады. Алғаш ойнаған рольдері М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» комедиясында - Жантық және К.Кенжетаевтың «Алдар көсесінде» - Шайтан және Алдар болды.

     Театр сахнасында сомдаған образдары арқылы облыс жұртшылығына кеңінен танылды. Ғ.Мүсірепов, Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында – Бекежан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Қозы, Жарқын, Жантық, «Ақан Сері - Ақтоқтысында» - Науан хазірет, Қорамса, М.Әуезовтің «Еңлік -Кебек» трагедиясында – Еспенбет, Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» - Дүрбіт, Уәли, А.П.Чеховтың «Шағаласында» - Сорин, Н.Гогольдің «Үйленуінде» - Кочкарев, Еврипидтың «Медеясында» - Қария, И.Штраустың «Жарқанатында» - Фальк, И.Кальманның «Сильвасында» - Эдвин, Ферри, У.Гаджибековтың «Аршин Малаланында» - Сүлеймен, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Полковник, М.Байсеркенұлының «Абылай ханның ақырғы күндері» драмасында - Бұхаржырау, О.Сүлейменов, Б.Мұқайдың «Заманақырында» - Оспан шал, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» - Шәмші, С.Жүнісовтің «Қызым саған айтам...» драмасында – Жәкуда, Иран – Ғайыптың «Естайдың Қорланында» - Естай, А.Сейдімбековтың «Күзеудесінде» - Құдайменде, Ж.Артықбаевтың «Малайсары Тархан» тарихи драмасында – Зайсан, М.Баджиевтің «тіл табысқандар» - Мұхамбет, Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» - Бейсен би, У.Тенеси, В.Аленнің «Қаылқтаған кемпірқосақ» - Том Вингфильд, Р.Кунидің «Шытырман оқиғасы» - Ронни рольдері арқылы көрермендер тарапынан жоғары бағалауға ие болуда.

      Омбы қаласында Бекежан образы үшін губернатор Полежаев тағайындаған жүлдеге ие болды. Орындаушының философиялық тереңдікпен сомдаған образы У.Шекспирдің «Кароль Лир» трагедиясындағы – Король Лир болды. Бішкек қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып «Көрермендердің көңілінен шыққан бейне» номинациясына ие болды. Бұл Бейбіт Шәнімнің шығармашылық толысқан шағының жемісі.

      2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

      2012 жылы «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медаль берілді.

      2016 жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271