Материалдар

Жексембаева Қарлығаш Қанапияқызы

Жексембаева Қарлығаш Қанапияқызы 1969 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Жексембаева Қарлығаш Т. Жүргенев атындағы театр және өнер институтын бітіріп. Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы – драма театрында жұмыс істейді. 30 астам рольдерді иегерді. Г.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқтыда» - Мәрзия, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуда» - Мақпал, «Қыз Жібек» операсында Дүрия, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» - Маржан, И.Шекспирдің «Король Лирінде» - Регана, Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» - Зейнеп, «Мұрагерлерде» - Салиха, Т.Нұрмағамбетовтың «Табалдырығына табын» - Файруза, Э.Филиппоның «Филумена Мартураносында» - Лючия, Ш.Айтматовтың «Ана –Жер -Анасында» - Жер Анна, О.Бөкеевтің «Атау Кере»-Нюра, М.Баджиевтің «Тіл табысқандар», Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» және т.б. Өз еңбегін деген адалдықпен, театрырға деген үлкен сүйіспеншілікпен, еңбекқорлығымен өсіп, қазіргі кезде театрдағы жетекші әртістерінің біріне айналды. Өзіңе тапсырылған кейіпкерлерді терең бойлап, тебіреніспен бір-біріне ұқсамайтын тамаша сомдап жарқырап шығара береді. Қазақтың, ұлттық өнеріне зор үлес қосып, талантты да, дарынды актриса. Әр жасаған образын шынайы шындықпен беріліп, ойнауымен ерекшендіреді. Астанада халықаралық «Шабыт» шығармашылық фестивалінде драмалық «театр өнері» номенациясында Қарлығаш Жексембаева лауреат атанды.

2010 жылы облыс әкімінің грантына ие болды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісінің иегері.