Таспаева Ақық Қабдоллақызы 1963 жылдың 20 ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол совхозы, Октябрь ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Таспаева Ақық Т. Жүргенев атындағы театр және өнер институтын бітіріп 1990 жылдан бастап Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрында жұмыс істейді.

Театрдың сахнасында, көптеген ойнаған рольдерімен көрермендеріміздің ризашылығына бөленіп жүр. М.Әуезовтың «Айман-Шолпанында» - Айман, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» операсында Жібек, У.Ғаджиевтың «Аршин-Малаланында» Гульчахра, И.Кальманның «Сильвасында» Сильва, И.Штраустың «Жарқанатында» Розалинда, А.Цагарелидің «Ханумасында» - Ханума, С.Жүнісовтың «Қызым саған айтам» - Шүйкетай, Исмагилов «Құдаша» - Мақпуза, Кенжетаев «Алдар Көсе» - Бәйбіше, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Күнекей, М.Әуезов «Қаракөз» - Қаракөз, Т.Ахтанов «Күшік Күйеу» - Гүлжамал, «Махаббат мұңы» - Бағила, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» - Шынар, «Құдалық» - Құдағи, Ж.Аймауытов «Ақбілек» - Өгей шешесі, Ш.Айтматов «Ана – Жер - Ана» - Жекшенқұлдың қатыны, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Башорат, Ертегілер «Буратино» - Алиса, «Кошкин дом» - котенок және т.б.

Шығарған бейнелерін шынайы шындықпен беріліп, ойнауымен ерекшендіреді. Әр ойнаған кейіпкерлерін бір-біріне ұқсамай орындап өте тапқыр детальдармен толықтырып ерекшелікпен көркемдейді. Сахнада 30-дан артық рольдерді игерді. Қазақтың ұлттық өнеріне зор үлес қосып, талантты да, дарынды актриса, әрқашан ізденіс үстінде. Сахнадағы образдарын әдемі дауысымен оның ішкі сұлулығына баса назар аударып, қазақ әйелдерін арасынан қайтталанбас зор табиғи шығармашылық талантымен, еңбекқорлығымен жарқырап шығады. Гастрольдік сапармен Омбы, Новосібір, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент қалаларында өнер көрсетіп өзінің шеберлігін танытты.

2004 жылы Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы М.Әуезовтың «Қаракөз» спектакліндегі Қаракөз рөлі үшін «Ең үздік әйел» номинациясын жеңіп алды.

2005 жылы Шымкент қаласында Қ.Жандарбековтің 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық театр әртістері арасындағы әншілер байқауында І орынға иеленді.

2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісіне ие болды.
            2016 ж. желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.