Тажібаева Рауза Ілиясқызы – ҚР еңбек сіңірген әртісі. Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясының актерлық факультетін тәмәмдады. 1978 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысындағы қазақ театрында актриса болып қызмет етті.

       Арнайы шақырумен 1990 жылы жаңа құрылып жатқан Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылуына үлес қосу үшін шақырылды. Сахналық өмірінде 70-тен астам рольдер сомдады, сахна тарланы М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында Айман, С.Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз» спектаклінде-Зияда, Д.Исабековтың «Әпкесінде»-Қамажай, Э.Филиппоның «Филумена Мартураносында»-Филумена, Ғ.Мүсреповтың «Ақан сері Ақтоқтысында»-Ақтоты, Ш.Айтматовтың «Ана жер-Анасында»-Толғанай, «Қалықтаған кемпірқосақ», О.Бөкеевтің «Атау кере»-Нюра, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»-Баян, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар»-Болдуқан, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы»-Ләззат, У.Шекспир «Асауға тұсау»-Бьянка, Островскийдің «Құтырған ақша»-Линда, Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе»-Қарашаш, Гогольдің «Үйлену»-Фекла, Гольдонидің «Слуга двух господ»-Клориче, С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек»-Мәдина, Ш.Ыдырысұлының «Ақнұр»-Ақнұр, Б.Жакиевтің «Әке тағдыры»-Зухра және т.б.

      Сонымен қатар Ш.Ыдырысұлы «Ақнұр» спектаклін қойды. Киноларда жеке өз ролін ойнады Ю.Рытхэу «След росомахи»-Айнана, Ш.Мұртаза «Клад черных гор»-Мәрзия.

Жастармен сахна тілі бойынша жұмыс жасайды.

      1996 жылы Жезқазған қаласында өткен Республикалық театрлар фестивалінде О. Сүлейменов пен Б. Мұқаевтың «Заманақыр» спектакілінде Малика ролін сомдаған үшін «Ең үздік әйел ролі» дипломмен марапатталды.

1998 жылы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс атағы берілді. Қазақтың ұлттық өнеріне зор үлес қосқан, талантты да, дарынды актриса, әрқашан іздес үстінде.

      2007 жылы Көкшетау қаласында өткен Республикалық фестивалінде Э. Филиппоның «Филумена Мартурано» спектаклінде Филумена ролін сомдаған үшін дипломмен марапатталды.

      2008 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық фестиваліне Э. Филиппоның «Филумена Мартурано» спектакілімен қатысып І орынға ие болды.