1990 жылы Моңғолияның Хобда аймағында дүниеге келген. 1987-2006 ж. Баянауыл ауданы Бірлік мектебінде, 2006-2008 ж. Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында оқып, тәмамдады. 2008-2012 ж. Астана қаласында Ұлттық өнер университетінде оқып, актерлық мамандыққа ие болады. Өнердегі еңбек жолын Павлодардың Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрында бастады.

Ойнаған рольдері: С.Олжабай «Қара көзілдірікті келіншек»/драма/ - Жанар, Е.Қушуақтов «Қызыл алма» /комедия/ - Рушана, Г.Хугаев «Қара шекпен»/драма/ - Қосүрей, Ш.Айтматов «Ақ кеме»/драма/- Бала, М.Байджиев «Тіл табысқандар»/комедия/ - Дездемона, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай»/комедия/ - Ғазиза және т.б.