Материалдар

Доспаев Жұмахан Рысқұлұлы

Мінездеме

      Доспаев Жұмахан Рысқұлұлы 1962 жылы 22 қарашада қазіргі Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылында дүниеге келді.

     1998 жылы Т. Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының ҚСРО халық артистері Ы. Ноғайбаев және Ф. Шарипованың шеберханасынан тамамдады.

      1990 жылы жаңадан ашылған Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына алғашқы актерлерінің бірі болып қабылданып, 7 желтоқсанда театрдың тұңғыш сахнасы ашылғанда  М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында басты кейіпкердің  бірі Арыстанның ролін орындаған болатын.

      Сол театр ашылғаннан бері сахнада талай қойылымдарда басты рольдерді ойнап келеді. Жұмахан сомдаған кейіпкерлер бейнесі әрқашан сәтті шығып, көрермен көзайымына айналды. Театр өнерінің байқауларында бірнеше рет «Ең үздік ерлер ролін орындаушы» номинацияларына ие болды. Еврипидтің «Медея» спектакліндегі Ясон ролін шебер орындағаны үшін облыс әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Павлодар облысы және қала әкімінің бірнеше мәрте Мақтау мадақтары мен  Алғыс хаттары табыс етілді. Өнердегі жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісіне ие болды.

      Жұмахан театрда ойнаған рольдерімен қатар, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтіп жүрген салтанатты мәдени іс шаралар мен мерекелік концерттердің жүргізушісі ретінде аймақ халқына кеңінен танымал.

      Доспаев Жұмаханның сомдаған рольдері: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» - Арыстан, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Ақан сері, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» - Қозы, У. Шекспирдің «Король Лирінда» - Глостер, Эврипидтің «Медеясында» - Ясон, М. Байсеркеновтің «Кенеханында» - Наурызбай, Т. Нұрмағанбетовтың «Табалдырығыңа табынында» - Толасбай, И. Кальманның «Сильвасында» - Ронздорф, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» - Алтай, Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралында» - Марат, С. Жүнісовтің «Қызым саған айтамында» - Мұрат, Б. Әлімжановтің «Құдалығында» - Дөкей, В.Дельмардың «Баянсыз бағында» - Купер, Р. Ибраеваның «Әбілмансұр. Сабалақ. Абылайында» - Төле би, Шаниннің «Арқалық батырында» - Әжіхан, К.Жұмабековтің «Адасқандарында» - Баянғалидың әкесі, С. Олжабайдың «Қара көзілдірікті келіншегінде» - Аюбай Майлыбаевич, З. Поляковтың «Чарлейдің әпкесінде» - Брассет.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271