Материалдар

Исабекова Баян

          Исабекова Баян 1991-1995 жылдары Ресейдің Тверь қаласындағы өнер училищесінің хореография болімін «қоюшы хореграф» мамандығы бойынша бітіріп, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының шақыруымен қызметке қабылданды.

Сол жылдардан бері театр сахнасында жиырмадан астам қойылымдарда хореогров ретінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда:    

М.Әуезовтің «Айман - Шолпан» спектаклі  VІІ халықаралық жастар шығармашылық «Шабыт» фестиваліне және 1995 жылы  Каир қаласында өткен халықаралық экспериментальдық театрлар фестиваліне қатысып лауреаты атанды. ІІ-ші Дүниежүзілік түркі тілдес халықтарының театр фестивалінің жүлдегері.

Ғ.Мүсірепов, Е.Бруссиловский «Қыз Жібек» операсында, «Аққу», «Садақ», «Бекежанның биі», «Киіз басу» «Қыздар биі» билерін қойған. Бұл қойылым Ресейдегі Қазақстан мәдениет күндері  апталығында Омбы қаласында көрсетілді. И.Кальман «Сильва» «Сегіз ковалер», «Сегіз ару», «Чардыш», «Вальс», И.Кальманның «Мистер Икс» опереттасында «Парад але», «Теодора мен жігіттер», «Мистер Икстың цирктік бағдарламасы», А.Цигарели «Ханума» музыкалық комедиясында «Базар» «Бағдиядури» т.б. грузин халық билерін қойды. Э.Флоримонның «Түлкі бикешінде» «Кан - кан», «Офицерлер биі», «Қырмызыдай қыздар-ай» Дунаевский әндерінің кешінде «Хабанера мен Пасодебль» және т.б билері бар. М.Шахановтың «Отырар дастаны» пластикалық спектаклі 2007 ж. Кайр, Стамбул  қалаларында өткен театр фестивальдерінің лауреаты болды. Ж.Артықбаевтың «Малайсары тархан» тарихи драмасында қазақ, қалмақ, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» музыкалық камедиясында өзбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклінде сыған халық билерін үлкен шеберлікпен қойды.

Аталмыш қойылымдар Мәскеу, Санкт – Петербург, Омбы, Новосібір, Алматы, Астана, Қызылжар  қалаларында театрды4 гастрольдік сапарлары кезінде билері жоғары бағаланды.

Жаңа хореографиялық ізденістер негізінде сахналық тәсілдер табумен ерекшеленетін Б.Исабекова классикалық әрі ұлттық би элементтерін өзара ұштастыра біледі.

 

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271