Садықов Жангелді Амангелдіұлы 1987 ж. 23 маусымда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туып, өскен. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің қазақ драма бөлімінің «Драма театры актері» мамандығы бойынша Ә.Оразбеков шеберханасында оқып, білім алды. С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында актер болып қызмет етті.

2010-2015 ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында оқып, «Драма театрының режиссері» мамандығына ие болады.

С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» драмасын сахналады. 2017 ж. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында қоюшы-режиссер болып қызмет атқарады. Бұл театрда О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» ертегісін, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясын сахналады.