Материалдар

Фильтр
  • Ұлы Жеңіске 75 жыл!

    Сұрапыл, сұрауы жоқ соғыс қан майданда салтанат құрып, қыршын кеткен тағдырлардың галлериясына айналсада адамзаттың ортақ арманы, мақсат-мұраты, өр рухы бір арнаға тоғыса білді.
    Аласапыран уақыт адамдарға ауыр бейнеттің қараша қамытын кигізсе де,
    үзілмеген үміті өзегіне нәр болды.

    Бұл соғыста аталарымыздың еншісі аз болмады. Жан-қияр ерлікпен шепті бұзды. Сауға басын садаға етті. Салауат болғай!
    ____________
    Аңсаған арманға ұрпақ жетті. Бейбіт күннің тәуелсіз ұл-қыздары ешкімді де ешнәрсені де ұмытпайды.
    Себебі, қанды жаспен жуылған аналар жаулығы көз алдымызда желбіреп тұр.
    Жеңіс үшін мың алғыс!
    Жеңіс үшін мың алғыс!

  • Ұлы жеңіске 75 жыл .

    Осыдан 75 жыл бұрын әлемді дүр сілкіндірген сұрапыл соғыс өтті. Өр рухты кеңес армиясы фашистерге қарсы Отан алдындағы парызын өтемекке алға ұмтылды.


    Қырғиқабақ соғыс ананы жесір, баланы жетім етіп, аласапыран уақыттың зәрлі өрнегін шиырласа да бейбіт елдің босағасынан таң күліп атты.
    Құйындатып, қиындатып соққан тауқыметтің тар шеңбері, қар-шеңгелі аталардың абыройын һәм намысын жанши алмады.
    Соғыс ешкімді аямады. Аялады ананың ар-болмысы. Қара бұлты сейілді сұр заманның.
    Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Баһадүр бабалардың өшпес ерлігі, мойымас өрлігі ұрпақтарға өнеге.
    Жасасын Жеңіс. Жасасын Бейбітшілік.


    Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл. "Жеңіс.Ән"
    Авторы: Аблайхан Әшiмхан
    Оқыған: Еркежан Төлеубек

  • Ұлы жеңіске 75 жыл!

    0905-3-2.jpg

     

    Құрметті Отандастар!
    Қадірменді ардагерлер және тыл еңбеккерлері!
    Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Бұл жеңіс жанқияр ерлікпен, қайтпас қайсарлықтың, жасымас өр рухтың арқасында келді. Сұрапыл қан майданның ешкімді есіркемеді.
    Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандықтан үлгі алып, келешекке бой түзейді. 
    Бұл мерекеде сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілейміз! Табыстар мен сәттіліктер мол болып, еліміздің көк туы биікте мәңгі желбіресін!

  • Ұлы жеңіске 75 жыл - Жеңіс ән

    Осыдан 75 жыл бұрын әлемді дүр сілкіндірген сұрапыл соғыс өтті. Өр рухты кеңес армиясы фашистерге қарсы Отан алдындағы парызын өтемекке алға ұмтылды.


    Қырғиқабақ соғыс ананы жесір, баланы жетім етіп, аласапыран уақыттың зәрлі өрнегін шиырласа да бейбіт елдің босағасынан таң күліп атты.
    Құйындатып, қиындатып соққан тауқыметтің тар шеңбері, қар-шеңгелі аталардың абыройын һәм намысын жанши алмады.
    Соғыс ешкімді аямады. Аялады ананың ар-болмысы. Қара бұлты сейілді сұр заманның.
    Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Баһадүр бабалардың өшпес ерлігі, мойымас өрлігі ұрпақтарға өнеге.
    Жасасын Жеңіс. Жасасын Бейбітшілік.


    Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл. "Жеңіс.Ән"
    Авторы: Аблайхан Әшiмхан
    Оқыған: Еркежан Төлеубек

  • 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен

    0905-3.jpg

    Құрметті азаматтар, жігіттер!
    Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Сайдың арқар тасындай қатар тізіліп, қашанда да адуынды өрендер Отанның тірегі болып келеді. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің және марқасқа жігіттердің айбыны арта берсін!
    Өр рухты, еңсегей бойлы, парасатты жігіттер қауымына зор денсаулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
    Құрметпен, Ж.Аймауытов театры!

  • Отан қорғаушылар күнімен !

    Құрметті барша азаматтар!
    7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры шын жүректен құттықтайды!
    Отан оттан ыстық. Отанымыз тек биіктерден көріне берсін!
    Еліміздің іргесі сөгілмей, бейбіт күннің арай нұры төгілгей!

  • Құрметті театр арулары атынан құттықтау!

    7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, театрымыздың арулары жігіттерді мерекемен құттықтады.
    Құрметті театр сұлулары!
    Жылы лебіз, ақ тілектеріңізге жігіттер қауымы атынан алғыс білдіреміз!

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні

    Құрметті Отандастар!
    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры "DosstarKhan" атты мерекелік бейне материалын ұсынады.
    Дастархан - әр этностың кие тұтатын берекесі. Достыққа жайылған дастарханымыздың несібесі молайып, қуанышы арта берсін.
    Татулығымыз жарасып, бірлігіміз мәңгі қалықтағай!

  • 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    0905-2-2.jpg

    Құрметті Отандастар! Баршаңызды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Кең байтақ қазақ даласының керегесі достықпен қаланып, шаңырағы бірлікпен асқақтаған. Ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың символына айналған Қазақ елі әлем халықтарына үлгі болып келеді. Ассамблея құрылып ортақ үйіміздің ортақ мүддесі айқындалып, жасампаздықпен алға жылжуда. Әр этностың мәдениеті кеңге қанат жайып, ымыраластықта күн кешу үстінде. Құрметті Отандастар! Татулық - "Мәңгілік ел" болуға апарар алтын көпіріміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз мәңгі жарасқай. Халқымыз асыл мұратына жетіп, мамыражай күн кеше берсін. Құрметпен, Ж.Аймауытов театрының ұжымы!

  • Театрды сағындық

    Театрымыздың сегіз қырлы бір сырлы талантты актері Рахат Жұмаханов театрға деген сағынышын осылайша әзілмен жеткізіпті.
    Көңіл сарайы кірлемесін, күле отырайық!
    @zh__rakhat

  • Құрметті мұсылман бауырлар!

    Баршаңызды келіп жеткен ұлық мейрам қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймыз!
    Ұстаған оразаларыңыз қабыл, ниеттеріңіз асыл болғай!
    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып халқымыздың ырысы артып, шаңырағы шаттықтан шалқая берсін!
    Құрметпен, театр ұжымы!

  • Гүл - табиғаттың сырға толы таңғажайып жұмбағы. Адам жанына нәзіктік сыйлап, жанын жадыратар ерекше жаратылыс.

    И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының @filarmoniya2012 "Гүл отырғызайық" челленджін қабыл алып, "Ertis" телеарнасы және "Сарыарқа самалы" газеті ұжымдарына жолдаймыз!

  • Балақайлар!

    Сәлем балақайлар!
    Үйде отырып іштеріңнің пысқанын жақсы түсінеміз!
    Осы ретте, көңіл сергіту үшін сендермен ойын ойнағанды жөн көріп отырмыз!
    Ол үшін бейнероликтегі жан-жануарларды скриншот жасап, ұстаған жануарларыңа этюд(пародия) жасаңыздар! Сосын, историяларыңызға салып, @teatr_pavlodar парақшасын белгілеңіздер!
    Ал, кеттік достар!

  • YouTobe арнамыздан тамашалай аласыздар!

    0905-2.jpg

    Құрметті көрермен! Спектакльдерді #онлайн режимде YouTobe арнамыздан тамашалай аласыздар!
    Біз Сіздермен әрқашанда біргеміз! Сілтемесі парақшамызда белгіленетін болады 

  • Ж.Аймауытов театры атынан #челлендж

    Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты індетпен күресуге ел жұмыла кірісті. Оқшаулану бұл біздің үлкен қаруымыз. Осы ретте, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры карантинде отырған барша жұртты сабырлыққа шақырып, үйде болуға үндейді.
    Сондай-ақ, барша жерлестерімізге және театр сүйер көрерменге осы #челленджді жолдаймыз!
    Қайталап, @teatr_pavlodar парақшасын белгілеуді ұмытпаңыздар!

  • Карантин уақытын тиімді өткізу

    Құрметті Достар!
    Әлемді шарпыған COVID-19 індеті адамзатты әбігерге салғаны анық.
    Төтенше жағдай жарияланып, жоспарларымыз шегеріліп, мүмкіндіктеріміз шектелді.
    Тарихта оқтын қайталанып отыратын бұл кеселді Шекспир, Исаак, Пушкин сынды ғұламалар өз пайдасына шешкенін білесіз бе?
    Сіздерге карантин уақытын тиімді пайдаланған тұлғаларды ұсынуды жөн көріп отырмыз.
    Бәлкім, сіздің ішіңізде де адамзатқа ортақ туынды жатуы әбден мүмкін.
    Сіз карантин уақытын пайдалана алдыңыз ба?

  • Аймауытов театры атынан дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс

    Ғаламды шеңгеліне алып, күн сайын өршелене түскен бұл індет адамзаттың тамырына балта шабуда. Арда жанын садаға етіп, аурумен адам арасыны араша түскен ақ халатты абзал жандармен, темірдей берік әскери қызметкерлердің еселі еңбегі бәрімізді сүйсіндіруде.
    Біз үшін ең қымбат өмірін тәуекелге салып, талмай қызмет етіп жүрген барша дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге ыстық ықыласымызды білдіре отырып Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры алғыс айтады.
    Құрметті Отандастар!
    Жеңіс тек бірлікте. Көшпелі бұл уақыт, сын сағаттын ұйымшылдыққа бағыттап тұрса керек. Сабырлық сақтап, бұл қиындықты бірге еңсерейік.
    Біз біргеміз!

  • #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдау

    Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры індеттен сақтану шараларынан ескере отырып, #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, медициналық маскалар тігіп, қала тұрғындарына тегін таратқан болатын.
    Осы орайда, игі бастамамызға ақпараттық қолдау көрсеткен @tvkhabar24 телеарнасына алғыс білдіреміз!

  • Біз біргеміз

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бойынша алдын алу шараларын іске қосқан болатын.
    Осы орайда, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры да індеттен сақтану шараларынан шет қалмауда.
    Атап айтсақ, театр ұжымы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында #BIZBIRGEMIZ акциясын қолдап, медициналық маскалар тігіп, қала тұрғындарына тегін таратты.
    Бұл дерт адамзатқа сынақ болып келгені анық. Елдің елдігі - береке бірлігінде! Әлемді алаңдатқан дертке бірге қарсы тұруға, оның таралмауының алдын алу шараларын сақтауға шақырамыз. БІЗ БІРГЕМІЗ!

  • Әз-Наурыз құтты болсын!

    Ұзын сонар мезгілден үзілмей жеткен, Ана жердің бауыры жіпсіп, қыстың қамыты шешілген, ұлық мейрам Әз-Наурыз құтты болсын.
    Күн мен түн теңелген бұл мереке баршамызға құт берекесін дарытып, ырыс несібесін төге келсін.
    Құрметті Отандастар!
    Сіздерді ұлттық Жаңа жылмен құттықтаймыз!
    Айдан аман, жылдан есен шығып, көркейе берейік!

  • Қазақстан театрларының 2019 жылғы жұмыс нәтижелері

    Халықаралық театр сыншылары бірлестігі Қазақстан театрларының 2019 жылғы жұмыс нәтижелеріне сараптама жүргізіп, мониторингін жариялаған болатын.
    Қатысқан 43 театр арасында Ж.Аймауытов театры үздік көрсеткіштер көрсетіп өзіндік потенциялын байқата алды.
    Атап айтар болсақ:
    2019 жылғы БАҚ көзіне іліккен театрлар ішінде үштіктен көрінсе, гастрольдік сапар жасаудан үздік бестікке ілінді.
    Сондай-ақ, театртанушы мамандар шақыруда 43 театр арасында 12 орынға табан тіреп, 2019 жылғы премьера ұсыну жөнінде алдыңғы саптан бой көрсете алды.
    Әрине, бұл көрсеткіш облыстық театрлар арасында алдыңғы қатарларда екенін білдіретіндей.
    Алдағы уақытта, сапамызды арттырып, алдыңғы қатарларға көтерілу жоспарлануда.
    Саннан сапаға, стандартты режимге талпыну басты мақсатымыз.

  • Премьерадан кейін

    Театр репертуары тағы бір сапалы қойылыммен толықты. Естелікке толы, тарихи сәт!
    М.Әуезов "Ерте ояндым, ойландым..." /трагедия/
    Режиссері - Әділет Ақанов.@adletakanov>

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271