Материалдар

Фильтр
  • Абай 175: Павлодарда «Ерте ояндым, ойландым..» қойылымының премьерасы өтті

    Айгүл Жүсіпова

    Фото: автор

     

    Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына «Ерте ояндым, ойландым..» трагедиясын ұсынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

     

  • Хабар24 телеарнасына және Қасиетова Қарлығаш Мұратқызына алғыс білдіреміз!

    М.Әуезовтың "Ерте ояндым, ойландым..." қойылымының премьерасына ақпараттық қолдау көрсеткен @tvkhabar24 телеарнасына және Қасиетова Қарлығаш Мұратқызына алғыс білдіреміз!

  • Павлодарда алғаш рет қуыршақ қойылымы көрермен назарына ұсынылдыПавлодарда алғаш рет қуыршақ қойылымы көрермен назарына ұсынылды

     

    Айгүл Жүсіпова

     

    Фото: Серік Қапаров

     

    3 жастан асқан балаларға арналған қойылымның режиссері және авторы Семей қаласы Абай атындағы театрдың режиссері Айдын Салбан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

    - Өкінішке орай, біздің театрымызға келмегендер арасында 40-50 жасқа келген тұрғындар да бар, - дейді театрдың әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбектегі. – Осы орайда, балаларды кішкентай кезден бастап театрға баулу мақсатында 3 жастан асқан балаларға осындай қуыршақ қойылымын ұсынып отырмыз. Қойылым сюжеті бойынша кішкентей бала өзінің ойыншықтарын жақсы көреді. Кейін ата-анасы оған ұялы телефонды сыйға тартады. Кішкентай бала телефонның қызығына кіріп, ойыншықтарынан бас тартады. Сондай-ақ ата-анасын сыйлаудан қалады, тыңдамайды. Былайша айтқанда, роботқа айнала бастайды. Уақыт өте ойыншықтар баланы құтқарамыз деп шешеді. Яғни ұялы телефон мен ойыншықтар арасында тартыс болады. Соңында ойыншықтар жеңіп шығып, бала ұялы телефоннан бас тартады.

    «Ойыншықтар» деп аталатын қойылымда 8 кейіпкер бар.

    Қойылымда ақтөс деген итті қуыршақ арқылы ойнататын актер Бекнұр Дастан ертегі балаларды телефонның шырмауыннан алып шығуға әсерін тигізеді деп санайды.

  • Рымбек Қабиденге ыстық ықыласымызды білдіреміз!

    Театрдың кез келген бастамасының жанынан табылып, ақпараттық қолдау көрсетіп жүретін білікті блогер Рымбек Қабиденге ыстық ықыласымызды білдіреміз! @rymbekqabiden еңбегіңіз жана берсін!

  • Ерте ояндым, ойландым...

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында және ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, кемеңгер ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Ж.Аймауытов театры, М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясының желісімен жазылған "Ерте ояндым, ойландым..." /реж:Ә.Ақанов/ трагедеясының премьерасын халық назарына ұсынды. 

    Қойылымды аймақ басшылары бастаған зиялы қауым өкілдері арнайы келіп тамашалады. 

    Спектакль өз кезегінде көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болып, ыстық ықыластарына бөленді.

     

  • Ерте ояндым, ойландым..

    ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!

    11,12 наурыз, сағат:18:30

    М.Әуезов "Ерте ояндым, ойландым..." Сөнбес сәуле, үзілмес үміт...

    Абай жол...

    Ақын тағдыры тар өткелге тірелседе, адамзат салған жолдан айныған емес. Соқпақты даңғыл санаған тобырдың көрер күні, болашағы не болмақ? 

    Бұл Абай қиялын шиырлаған сансыз ойлар. Авторы - Мұхтар Әуезов

    Қоюшы режиссері - Әділет Ақанов @adletakanov

    Музыкамен көркемдеуші - Елемес Өмірұзақ @lms_8.8

    Қоюшы суретші - Ұлан Несіпбай @nessipbay.ulan

    Режиссердің ассистенті - Бауыржан Манатбекұлы @baurzhan_manatbekuly 

    Байланыс телефоны:

    8(7182) 31-02-09

     

  • Абай еліне саяхат

    Қазақтың Ұлы адамдары жатқан жерлер қашан да қасиетті. Семейден шыққанда ызғырық жел соғып түнеріп тұрған аспан, павлодарлық әртістер Жидебайға келіп, кесене кешініндегі анфитеатрда Абайдың әнін әуелеткеннен кейін жадырап сала берді.  Бұдан кейін Ертіс-Баян өңірінен келген өнерпаздар Абай мен Шәкәрімнің кесенелеріне барып зиярат жасап, аруақтарға дұға бағыштады. Енді, Ұлылар жатқан осынау мемориалды кешені жайлы аз кем ақпарат айтсақ. Кешеннің құрылысы 1993 жылы наурыз айында басталған. Абай Құнанбайұлының 150 жылдық шаралары жоспарына сәйкес жасалып, қазіргі қос мұнаралы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені ғимаратына айналды. Жер табанынан бес метрлік биіктегі мавзолей алаңының ені 65 метр, ұзындығы - 200 метр. Ал қос арыстың қабірлерінің аралығы - 140 метр. Мұнара құрылысына Маңғыстау жерінен арнайы ақтүсті әк шөгіндісі әкелінген.

    Арман Темірбек, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының басшысы:

    Театр ұжымымен Жидебайға ат басын бұрып Абай атамыздың зиратына тағзым етіп, құран бағыштап және де әртістерімізде сол бір заманды сезінсін дегендей ниетпен келіп отырмыз енді.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271