Материалдар

Фильтр
  • ОЙЫНШЫҚТАР

    ПРЕМЬЕРА!
    Облысымызда алғаш рет, Ж.Аймауытов театры сахнасынан
    қуыршақ қойылымы балаларға жол таратады.

    ОЙЫНШЫҚТАР
    3-наурыз

    12:00
    13:00
    Авторы, қоюшы-режиссері: Айдын Салбан

  • Театрымыздың 1 апта ішінде атқарған жұмысына бейне шолу!

    Театр - адамның сан құбылмалы ойына қозғау салар, көрерменнің жан-жүрегін елжіретіп, күйбең тірліктен бір сәтке арашалайтын киелі орын. Сахна - тағдырлар тоғысқан ізгілік кеңістігі. Актер - руханият жауынгері һәм мәдениет майдангері.

    Театр - ұжымдық өнер.
    Сахна сыртының сырлы әлемі ұйымшылдық пен бірлікте күн кешіп, қат-қабат, қызу өмір сүруде. Сізге беймәлім сахна артындағы қайнаған өмір, еңселі еңбек, бәрі сіздер үшін. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ біздің басты құндылығымыз.
    Өз ісін құрметтейтін, өз мамандығын сүйетін жандардың ұйымдасқан ортасы - театр. Біз күшпіз! Біз біргеміз!

  • Әлеуметтік сауалнама

    Абай мен театр және қоғам арасында байланыс!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаалсында ақын, ағартушы, философ, ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Абай мұрасын кеңінен насихаттауға үлкен мән беріліп отыр. 

    Бұл игі бастама бізді бей-жәй қалдырмасы анық. Осы ретте Ж.Аймауытов театры М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясының желісімен "Жас Абай" /реж: Ә.Ақанов/ қойылымын сахналамақшы. Абай мен театр және қоғам арасындағы байланысты арттыру мақсатында әлеуметтік саулнама жүргізіп көргенбіз. 

    Назарларыңызға ұсынамыз.

     

  • Театрда - шеберлік сағат!

    Қазақстан Театрлар Ассоциациясының қолдауымен, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Сахна пластика» кафедрасының оқытушысы, кино және театр актері, каскадер Жалынбек Ахан «Қазақтың тарихи қаруы – бес қару негіздері және театрлық семсерлесу өнерінің қыры мен сыры» тақырыбында шеберлік сағатын ойдағыдай, үздік нәтижемен тәмамдады. Шеберлік сағатта театр актерлері тыныс алу тәсілдерімен, сахналық қимыл-қозғалыс мәдениетін тереңнен меңгеріп, шеберліктерін жетілдірді.

    Сондай-ақ, кәсибілігін арттырған актерлерге Қазақстан Театрлар Ассоциациясының арнайы сертификаты табыс етілді.

    Осы ретте, Қазақстан Театрлар Ассоциациясына және Жалынбек Аханға театр ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271