Материалдар

Фильтр
  • Аққулы ауданына рухани сапар жасап қайтты.

    Кеше театр трупасы Аққулы ауданына рухани сапар жасап қайтты. Аудан жұртшылығына Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" /реж:Ж.Садықов/ драмасымен кішкене бүлдіршіндерге арнап Е.Пермякованың "Отпен ойнама" /реж:Ә.Ақанов/ ертегісін ұсынды.

    Уақыттарын арнай келген театр сүйер мәртебелі көрерменге алғыс білдіреміз.

  • У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.

    Премьера! премьера! премьера!

    Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына арналған "ABISH ALEMI" I халықаралық фестивальдің лауреаты, У.Шекспирдің "Король Лир" моноспектаклінің тұсаукесері сәтті өтті.

    Қойылым режиссері - Әділет Ақанов. Актер - ҚР Мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнім.

    Театр қоржыны тағы бір сапалы спектакльмен толықты.

    Еккен еңбек, төккен тердің нәтижесі үшін театр ұжымын құттықтаймыз. Қойылымды асыға күтіп, алтын уақытын қиып келген көрерменге алғыс білдіреміз!

  • Король Лир

    ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА! ПРЕМЬЕРА!
    Халықаралық фестивальдің лауреаты атанған
    "Король Лир" моноспектаклі
    21- қараша, 18:30.
    Автор: Уильям Шекспир
    Қоюшы-режиссер: Әділет Ақанов
    Байланыс телефоны:
    8(7182) 31-02-09
    8-775-368-22-71
    8(7182) 62-27-57
    Онлайн сатып алу #Тикетон арқылы жүзеге асырылады.

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271