Шаңырақтың шаттығы адалдық пен сүйіспеншілікте

 

Шаңырақтың шаттығы адалдық пен сүйіспеншілікте

 

Облыстық "Регион KZ", 2014 жылдың ақпан айы

 

Ол – Ж. Аймауытов атындағы қазақ музықалық драма театырының негізін қалаушылардың бірі, талай тамаша рөлдерді сомдап, халық ықыласына кеңінен бөлене білген жан. Қыз Жібек рөлімен өнер сахнасында алғаш бетін ашқан Талжібек Атамбек рөлдің үлкен кішісіне қарамайтын қайсар қыз. Бүгінгі сұхбатымызда әртістің өнерінен емес сахнадан тыс өмірі жайлы баяндамақпыз.

 Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

 

Әртіс келінді кімдер қабылдамады?

 

                    Талжібек апай әңгімеміздің әлқисасын отбасы, ошаққасынан бастасақ?

 

 

       Мен 1992 жылы қараша айында ойламаған жерден 29 жасымда тұрмысқа шықтым (күліп). Ауылға барғанымда мен Жомартты (құдай қосқан қосағы) үнемі көретінмін. Сырттай ұнатып жүрдім. Бірде анам марқұмнан сұрадым. Сол кезде анамның айтқаны, «байқа қызым, қалжыңдап тастап кетпе, обал болады», – деді (күліп). Кейіннен тағыда ауылға барғанда бірнеше рет кездестік, сосын киноға барған кезде жақсылап таныстық. Сол таныстық міне үлкен махаббатқа ұласты ғой. Соның жемісі алтындай екі қызымыз бар. Үлкен қызым Мадиина Алматыда С.Демирель атындағы қазақ-түрік университетінде ағылшын тілі және екі шет тілі деген мамандық бойынша 3 курста оқиды. Кіші қызым Анель Абай атындағы қазақ ұлттық университетінде филология факултетінде оқып жатыр.

Ал, өмірлік жарым өнерге мүлдем қатысы жоқ, бірақ өнерді жан тәнімен түсінетін жан. Ең алғаш отау құрған кездерде бізде түсініспеушіліктер көп болды. Тіпті мен ойнайтын рөлдеріме берілетінім соншалық түскі асқа бармай қалған кездерім көп болды. Міне, сондай кездерде үйдегі отағасы түсінбейтін. Қазір құдайға шүкір, бәрін түсінеді.  Екеміздің бірі-бірімізге дер уақытында түсіндіруіміздің нәтижесінде, мен оған әйел ретінде бас игенімнің арқасында Алла тіл көзден сақтасын тамаша жарасқан отбасылардың біріміз.  

       29 жасымда тұрмысқа шықтым дейсіз. Кеш шықтым деп өкінбейсіз бе?

       Жоқ ешқашан кеш деп ойламаймын. Жалпы өнер адамдары үшін кеш емес. Мүмкін мен қате айтатын шығармын, бірақ мен кеш шықтым деп мүлдем айта алмаймын.

       Отбасы ошақ қасы болғаннан кейін кез-келген шаңырақта кездесетін алғашқы қиындықтарды қалай жеңдіңіздер? Себебі қазіргі кезде жастарымыздың көбі сол қиындықтарға төтеп бере алмай ажырасып кетіп жатыр.

       Бізде енді баспана мәселесі проблема болған жоқ. Үйді Елбасының өзі 1992 жылы беріп кеткен. Енді жолдасым келген кезде жұмыс жағы тапшы болды, жалғыз театрдың ақшасы түкке жетпеді. Түсініспеушіліктер болды. Мына қалаға үйренбеген отағасының кеткісі келді. Отбасы  болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды ғой. Ондайда кездер болды. Қазір ойлап отырсам менің өз-өзіме «тоқта, тоқта» дегенімнен отбасы болып құрылып қалдық. Егер сол кезде мен де өз мінезімді көрсетіп айғайға бассам, онда біздің отбасы болып қалуымыз екі талай еді.

Жерге нанымыз болмай қалған күндерімізде болды. Бірақ жолдасымның ақылдылығымен біз сол қиындықтарды бірге жеңдік. Сол кездерде көршілеріміз де көмектесті. Кей кездері мен шынайы өмірімде де әртіс болып ойнап жібердім бе деп ойланам. (жымиып)

       Әртіс келінді қайын жұрты қалай қабылдады?

    Қайын жұрт дегенде Жомарттың ата-анасы ерте өмірден өтіп кеткен. Апалары жақсы қабылдады. Ал біздің ауылдағы аға – жеңгесі мүлдем қарсы болды. Мені келін ретінде қабылдамады. Жомартқа көп нәрселер айтқан сол кезде.

Жалпы қазақ қоғамында өнер адамына деген бір кері көзқарас пен жағымсыз түсінік бар емес пе? Кейін біздің тірлігімізді, өмірімізде көре келе қабылдады.  

Жолдасы сыйлаған машина қандай?

Қандай анасыз?

    Қатал анамын. Бала кезімізде ата-анамыз дастархан басында отырғанда «Алла балаларыма түйсік бер, сана бер,» деп сұрайтын. Сол кезде мен сананы түсінем. Түйсікті түсінбейтінмін. Сөйтсем ой сананың ең шыңырау шегі екен ғой. Қазір менде Алладан балаларыма түйсік бер, сана бер деп сұрайтын болдым. Бірақ мен қанша қатал болсамда, мен балаларыммен сырласа аламын, олар менің бар байлығым. Егер менің қызарым менің берген тәрбиемді барған жерінде қажеттеріне жаратып жатса тамаша ғой. жалпы қыз бала барған жерімнен бақыт табам деп емес, бақытты қылам деп баруы керек. Міне сол барған босағасында «мына адамның баласын-ай!» деген жақсы ат әкелсе деп ойлаймын.

       Жолдасыңыз сізді еркелете ме және ерекше бір сыйлығы бар ма?

       Еркелетеді. Ал сыйлығы кір жуаты машина сыйлаған кезде қатты қуанғам. (күліп)  Ал оның сыйлаған ең үлкен сыйы Алланың берген екі перзенті. Мен үшін олардан асқан сый жоқ.

       Жолдасыңыз театрға келе ма?

       Бас кезінде жиі келіп тұратын. Соңғы кездері жұмысына байланысты, уақытының аздығына байланысты аса көп келе алмай жүр. Бірақ өнерді жан тәнімен түсінеді.

       Шаңырақтың шатығы дегенді қалай түсінесіз?

       Менің түсінігімдегі шаңырақтың шаттығы отағасы мен от анасының арасындағы кикілжіңді балалары көрмеуі. Бір –біріне деген татулық, сүйіспеншілік, адалдығы міне шаңырақтың шаттығын кіргізетіндер осы болады деп ойлайын.

Шаңырақтың шайқалмауы әйелге байланысты

       Қазіргі жастар отбасындағы азды-кемді қиындықты ажырасып шешкісі келеді. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

       Ен бірінші олардың отбасылық өмірді және бір-бірлерін түсінбеуі. Мен өмірлік тәжірибемнен, көргендерімен айтайын. Мен білетін бір отбасы болды. Олар өздері ұзақ уақыт қыз-жігіт болып жүрді. Кейін үйленген кезде қатты күйзелістерге ұшырады. Бірақ екеу ара бірі-бірі түсінеді. Сол тсіністіктің арқасында олар сол қиындықты жеңді.  Мен айтар едім шаңырақтың іргесінің берік болуы, түтінінің түзу ұшуы тек әйеладамға ғана байланысты.

       Қыздарыңызға жиі айтатын ақылыңыз?

       Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Сондай-ақ қазақ қызына тән қасиетерді саңтаңдар деп құлақтарына құйам. Қалай болса солай киінбеу. Заман талабыга сай киін деймін. Бірақ ашық-шашық емес. Жар таңдағанда байлығына емес, жүрегінің байлығына қараңдар деймін. Сосын мен қазақ қызының шашын жайып жүргеніне қарсымын. Қыздарым менің көз алдымда шаштарын жайғанын көрмедім. Мүмкін үйден шыққасы жайар. (күлді)

       Әңгімеңізге рахмет! 

 

 

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ержан Қауланов
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271