Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті, Театрдың өзегі

Облыстық «Сарыарқа самалы» газеті,

 

Театрдың өзегі

  1 20160112 1074559849Әділет АХАНОВ, театрдың режиссері: - Мен еңбек жолымды осы өнер ордасынан бастағанымды сәттілік деп есептеймін. Өйткені Павлодар театрында қалыптасқан орта, әсіресе талантты артистер баршылық. Мұндай өнер ұжымымен кез келген классикалық драмаларды жүрексінбей сахналауға болады. Биыл алғаш рет өзбек драматургы Е.Құшуақтовтың «Қызыл алма» спектаклін қойдық. Белгілі жыршы Данияр Әсеновпен Абай ақынның шығармаларына арналған «Желсіз түнде жарық ай» моноспектаклін сахналадық. Айта кетейін, аталмыш қойылым биылғы желтоқсанның 5-інен бастап Ресейдің Омбы қаласындағы қазақ диаспорасының шақыруымен сол жаққа сапарға шықты. Олар Омбы қаласы мен сол аймақтағы қандастарымыз қоныстанған жерлерде өнер көрсетпек.

Қаңтар айында көрермендерімізге С.Жүнісовтің «Қылмыскер» атты пьесасын қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл - өмірлік философияға негізделген, терең ойға жетелейтін тартымды қойылым.

Әрине, әрбір режиссер классикалық туындыны сахналауды армандайды. Отбасы, ошақ қасының әңгімесінен гөрі дара қаламгерлердің туындылары көрерменді көбірек тартатыны даусыз. Мен, мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасын жаңа қырынан қойсам деймін. Жүсіпбек Аймауытов туындыларының арасынан «Мансапқорлар» драмасы да сахнаға сұранып тұр. Музыкалық театр болғандықтан, бірнеше мюзиклдерді сахналау да ойда бар. Бұлар - алдағы күннің еншісіндегі дүниелер.

Шығармашылық талап бар жерде өнер жұтамайды.

Түйін:

Иә, қазақ театры алғаш ашылған сонау 1938 жылдан бері талай қиындықты бастан кешті, алақайлап ашылды, солақай саясаттың кесірінен жабылды, ширек ғасыр театрсыз қалып, тәуелсіздік қарсаңында қайта ашылды. Бұл күнде ағзам сарайындай тамаша ғимараты, талантты өнер иелері бар. Репертуары... репертуары М.Әуезов атындағы «әкемтеатрдан» кем емес. Әлемдік дәрежедегі жауһар дүниелердің бағы жанды. Талай әйгілі режиссерлер келіп, спектакльдер қойды. Мыңдаған көрерменнің алғысын алды. Қазір ақпарат заманы, кез келген кино, өнер туындысын отыңның басында отырып-ақ көре бересің. Бірақ бір нәрсе айқын: заманауи бұл жетістіктер театрды, қолөнерді, жалпы ұлттық өнерді өшіре алмайды. Ұлы мәртебелі театр ұлы күйінде қала бермек. Өйткені театрдың тамырында ғасырлар өшіре алмаған әдебиет, мәдениет, тарих - ұлттың руханияты бүлкілдеп жатыр. Ол сонысымен асқақ! Мерейтойың құтты болсын, өнер ордасы!