afisha28.02.21

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Театрдың бірқатар әртістері марапатталды

photo 2021-02-21 19-43-28

Театрдың 30 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай театрдың бірқатар әртістері Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Самал Бегалинованың Алғыс хаты және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!

Театр басшылары бас қосты

photo 2021-02-22 16-00-06

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылдың жұмыс жоспарын бекіту мақсатында, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының шақыртуымен М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының ғимаратында театр басшылары бас қосты.

Алқалы жиынды Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театрлар Ассоциациясының Президенті Асанәлі Әшімов сөз бастап, өзекті тақырыптар қозғалып, тың идеялар айтылды.

Бұл өз кезегінде оң бастама деп білеміз!

Кеңейтілген отырыс өтті

Ақпан айының 26- жұлдызында облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйытқысымен мәдениет мекемелері арасында кеңейтілген отырыс өтті.

Жиында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігің 30 жылдығын және Әз-Наурыз мейрамдарын мерекелеу жөнінде іс-шаралар пысықталып, алда атқарылар жоспарлар нақтыланды.

Қойылымынан соң.

photo 2021-03-11 07-36-54

М.Әуезовтің "Ерте ояндым, ойландым" /трагедия/ қойылымынан соң.

Құттықтаймыз!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Халықаралық "Абай" атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының ұйымдастыруымен, Ұлы ақын, философ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында, атқарылған мерейтойлық мәдени іс-шараларға белсене қатысып, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне қосқан үлесі үшін театрымыздың бас режиссері Ақанов Әділет пен актер Жақып Абзал "Алғыс хатпен" марапатталды.

Әріптестерімізді ұжым атынан құттықтай келе, еңбектеріңіз жана берсін дейміз!

КАСТИНГ! КАСТИНГ! КАСТИНГ!

ЖАҢА БЕЙНЕ!

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры актерлерге кастинг жариялайды!
Кастинг онлайн форматта өтеді.

Талаптары:
- Кәсіби актерлік білімі болуы керек;
-Жас ерекшеліктері: 20-26 жас аралығы
Шарттары:
1 минуттан аспайтын монолог, поэзия, жеке ән, кез-келген стильдегі би түрін видеоматериал ретінде 8 702 27 27 095 (уатсап) номеріне жіберуі керек.

Ертіс-Баян өңірінің рухани қарашаңырағы Ж.Аймауытов театры Сіздерді асыға күтеді!

 

Байланыс телефоны: 8 (707) 2727 095

Театр музейімен танысты

250321-2

Ш.Айтматовтың "Жәмила" қойылымының премьерасына келген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ж.Аймауытов театрының музейімен танысып, терең тарихына көз жүгіртті.
Театрдың 30 жылғы тыныс-тіршілігі, бағыт-бағдары жөнінде театрдың іргесін қалаушылардың бірі, аға буын актер, ҚР Мәдениет қайраткері Жұмахан Доспаев баяндады.

250321-1

250321-3

ол

Ш.Айтматовтың "Жәмила" қойылымының 1-ші күнгі премьерасынан кейін

250321-4

 

Ш.Айтматовтың "Жәмила" қойылымының 1-ші күнгі  премьерасынан кейін басты кейіпкерлер "Жәмила" - Айгерім Сүлейменова, "Данияр" - Руслан Нығманов, "Сейіт" - Рахат Жұмаханов "ERTIS" телеарнасының "Ертіс таңы" бағдарламасына сұхбат беріп қайтты

Ұжымымыз жас маманмен толықты.

Театрдың "Драма әртісі" қызметіне Жылқыбай Бағила Мұратқызы қабылданды.

Бағила Мұратқызы - 1994 жылдың 17 желтоқсанында Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде дүниеге келген.
2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында "музыкалық білім бөліміне" түсіп, 2016 жылы аяқтады. 2018 жылы Павлодар мемлекеттік педогогикалық университетінде " музыкалық білім бөлімі" бойынша Магистратураға түсіп 2019 жылы тәмамдады.

Құрметті Бағила Мұратқызы!
Сізге шығаршылық шабыт, еңбекте толағай табыстар тілейміз!

Құрметпен, театр ұжымы!