• .

  • .

  • .

  • .

  • .

         Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының қоюшы режиссеры.

         Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы 1956 жылы 1-ші қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында /қазіргі Сүйінбай/ дүниеге келді.

          Әкесі Бахтияров Мақсұт Мағруфұлы ҚР еңбек сіңірген әртісі, анасы – Иісова Тұратай ҚР халық әртісі.

         Өнерлі адамдардың отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы 1976 жылы Семей қаласында №9 орта мектепті бітірісімен осындағы қазақ өнерінің қара шаңырағы, Абай атындағы қазақ музыкалы театрының шығармашылық құрамына әртіс болып қабылданды.

          С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасында Бәйтес, У.Габжибековтың «Аршин-Малшы» музыкалы комедисындағы Телли, Қ.Мәшхүр Жүсіптің «Ұл мен Қыз» пьесасындағы бас кейіпкер Бағила.

        Өнер сүйер қауымның жоғары баға алған тырнақалды жұмыстары. Жалпы Семейдің Абай атындағы театр сахнасында белгілі режиссер ҚР халық әртісі Е. Обаевтың жетекшілік етуімен жиырмадан астам ұлттық және Дүние-жүзі драматургтерінің шығармаларында ойнады.

          Мол тәжірибе жинақтаған Г.Бахтиярова 1987-1992 жылдары Т.Жүргенев атындағы Алматы Мемлекеттік театр және көркем-сурет институтының режиссура факультетіне оқуға түсті.

       1992-1998 жылдары Семейдің Абай атындағы театырна келіп, қоюшы-режиссер болып қызмет істеді. С.Балғабаевтың «Күйеу таңдаған келіншектер», О.Бөкеевтың «Желтоқсан желі» т.б. сол жылдардағы табысты режиссерлық еңбектері.

      1998 жылы Жаңадан шаңырақ көтерген Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрына қоюшы-режиссер мамандығына арнайы шақырумен келіп, ойдағыдай жұмыс істеп жатыр.

          Алғаш қойған С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» лирикалық драмасы, Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясы, Ф.Эрвенның «Түлкі бикешті»,Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір бойы», Қ.Мұқамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» комедиясы, М.Әуезовтың «Еңлік Кебек» трагедиясы көрерменнің көңілінен шығып, әлі күнге дейін сахнадан түспей, актерлердің шығармашылық өсіп, қанаттарының қатаюына септігін тигізгені сөзсіз.

          Режиссер, әсіресе шығармашылық жастармен тынымсыз нәтижелі еңбек етеді. Театр репертуарына тұңғыш режиссер – Г.Бахтиярова тұсауын кескен туындылары Ж.Солтиеваның «Дариға-Дәурен», Т.Теменовтың «Алма бағында» драмасы бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармалар Б.Васильевтың «Қыздар қайың тыныштық» спектаклі үшін режиссер – Г.Бахтияроваға облыс әкімінің грантына ие болды. С.Жүнісовтың «Қызым саған айтам...» драмасы Республикалық фестивалінде жоғары бағаланып, Рәзия ролін ойнаған әртіс Т.Атамбек–«Ең үздік әйел» образы номинациясын жеңіп алды.

          Павлодар театр сахнасында 15-ке жуық спектакльдер қойды. Балаларға арналған «Батыр көжек», «Қаңбақ шал», «Асар», «Алдар Көсе», «Қызыл Телпек» т.б.

         

          2001 жылы «Ең үздік режиссер» әкім грантына ие болды.

          2009 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері белгісімен марапатталды.