• Бас бет
  • Мемлекеттік рәміздер

Театр туралы

  • Театр туралы
  • Труппа
    • Театр әкімшілігі
    • Театр әртістері
  • Репертуар
  • Айлық репертуар
  • Жаңалықтар
  • БАҚ біз туралы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Фотогалерея
  • Бейнебаян
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

онлайн билет сатып алу

 

 

Сіз мындасыз: Бас бет

ТеатрғаLike3

Жарияланды 07.08.2020 17:23

Қайырлы кеш достар!
✔"ТеатрғаLIKE" бағдарламасының келесі шығарылымын ұсынамыз!
✅Өзіңіз экраннан көргіңіз келетін театр әртісін жаза кетіңіз!

⚜Кейіпкер: Рахат Жұмаханов @zh__rakhat
⚜Жүргізуші: Нұркен Тұрлыбек @turlybek_tegi_nurken
⚜Режиссер: Бауыржан Манатбекұлы @baurzhan_manatbekuly
⚜Қоюшы-операторы: Эльдар Шарипов @ekoesh_
⚜Композиторы: Алтынбек Иманбетов
@altinbekimanbetov
⚜Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman
⚜Театрдың көркемдік жетекшісі: Ерлік Жуасбек
@erlik_zhuasbek

ТеатрғаLike2

Жарияланды 07.08.2020 17:20

Қайырлы кеш достар! 

✔"ТеатрғаLIKE" бағдарламасының келесі санын ұсынамыз!
✅Өзіңіз экраннан көргіңіз келетін театр әртісін жаза отырыңыз!

⚜Кейіпкер: Абзал Жақып
@abzaljakyp
⚜Жүргізуші: Тұрлыбек Нұркен
@turlybek_tegi_nurken
⚜Режиссер: Бауыржан Манатбекұлы
@baurzhan_manatbekuly
⚜Қоюшы-оператор: Рахат Жұмаханов
@zh__rakhat
⚜Композиторы: Алтынбек Иманбетов
@altinbekimanbetov
⚜Театр басшысы: Арман Темірбек
@temirbek.arman
⚜Көркемдік жетекші: Ерлік Жуасбек
@erlik_zhuasbek

ТеатрғаLike

Жарияланды 07.08.2020 17:18

Қайырлы кеш достар!

✅Сіздердің назарларыңызға театр ұжымы жаңа жоба "ТеатрғаLIKE" бағдарламасын ұсынады!
✳Әлемдік кеңістікке таралған тәж-тажал адамзаттың басына түскен ұлы сынақ.
Осы орайда, карантинде жатқан театр актерлерінің шығармашылықтан бөлек, бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатынбыз!
Сүйікті актерлеріңіздің карантиндегі өмірімен таныса отырыңыздар!
Достар, Ж.Аймауытов театры 31-театр маусымын #Онлайн түрде бастайды!
❇Бізбен бірге болыңыздар!

@ertis_madenieti
@ernur_dauenov
@mcs.govrk
@theatre.kz
#ТеатрғаLIKE#жаңажоба
#жақыныңажанашырбол
#ковидкеқарсымәдениет
#31театрмаусымы
#бізбіргеміз
#үйдеболыңыз

Біз театрды сағындық!

Жарияланды 07.08.2020 17:16

 

Театр.Сахна.Шығармашылық.Шабыт. Сағыныш...

Ж.Аймауытов театры 1990 жылы 7 желтоқсаннан бастап өз шымылдығын түргелі 30 жылға жуық уақыт халықтың қошеметіне бөленіп, көз алдында өсіп келеді.
Әр маусымның ашылуы театр үшін мереке. Теңдесі жоқ қуаныш.
Актерлар әр маусымға қызу дайындалып, көрерменмен қауышқысы келеді, және сол бір мезетті асыға күтеді. Халықтың риясыз қошеметімен жылы дидарынан асқан, ыстық ықыластарынан биік ешнәрсе өнер адамына қанат байламас.

Өмір - сіз бен біз білмейтін құпияларға толы.
Амал не, әлемді жаулаған індет біздің арамызды тұмшалап тұр.
Біз театрды сағындық!

Театрымыздың атынан қала күнімен құттықтаймыз!

Жарияланды 07.08.2020 17:10

Құрметті Павлодарлықтар!
Біздің келбетті де әсем қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтаймыз!
Бүгін облыс орталығы өз шекаралары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, динамикалық түрде дамып, өмір, еңбек, оқу және демалу үшін жабдықталған. Көшелер және аулалар абаттандырылуда, балаларға арналған алаңдар және спорттық ғимараттар құрылуда, қала шаруашылығының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде, денсаулық сақтау ісінің және азаматтардың әлеуметтік қамтуының, білімнің және мәдениеттің дамуын жақсарту үшін көп жұмыс істелініп жатыр. Бұның бәрі біздің қаламызда тұратын игілiкті адамдардың қуаты, дарыны және еңбектеріне тәуелді.
Шын жүректен сіздерге мерекелі көңіл-күй, зор денсаулық, бақыт және береке тілейміз! Жаңа істер біздің қаламыздың тарихын жалғастыра берсін!

Уақытты үнемді пайдалану

Жарияланды 07.08.2020 17:03

Қайырлы кеш достар!
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Оны тиімді пайдалану біздің басты жетістігіміз болмақ. Карантин уақытты игеруді үйретуге мүмкіндік бергенін естен шығармайық. Осы ретте, театрымыздың актері Жақып Абзал уақытты ұтымды пайдалану тұрғысында аз-кем әңгіме қозғамақ.
Керегіңізге жарап қалар деген сеніміміз мол!

Мамандар кеңесі. Covid-19-дан қалай аман қаламыз?

Жарияланды 07.08.2020 16:25

1.jpeg

Мамандар кеңесі. Covid-19-дан қалай аман қаламыз?

Қазір коронавирус індетінің өршуіне байланысты адамдардың біраз бөлігі үй жағдайында емделіп жатыр. Көбі әлеуметтік желілерден, елдің аузынан естіген емді жанға жалау етуде. Алайда дерттен сақтанамыз деп жүріп, жалған ақпараттарға еріп, өмірімізге қауіп төндіріп жатқанымызды білмей қалуымыз да мүмкін. Сондықтан мамандар кеңесіне құлақ аса жүріңіз!

Нұрбол Құдайберген, жалпы хирург:

- Қазіргі уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек таптырмай тұрған шақта көп уақыт жоғалтпай, үй жағдайындағы ем-домды қолдану керек.

Біріншіден, сарымсақтың пайдасы мол. Тек оны артық мөлшерде пайдалана беру де денсаулыққа кері әсерін беруі мүмкін. Аш қарынға емес, күнделікті тағаммен бірге қолданған жөн. Себебі бұл антибиотиктің орнын басады.

Екіншіден, ешкінің сүті де иммундық жүйеге өте пайдалы. Неге десеңіз, оның құрамында "казеин" бар. Әсіресе кішкентай балаларға тиімді болмақ. Ешкінің сүтіне бал қосып, таңертең, кешке ішу керек.

Үшіншіден, температурасы бар адам күніне 2 - 2.5 л. сұйықтық ішу керек. Себебі науқас көп терлеген сайын, ағзадағы сұйықтық мөлшері өз қалпында болмайды. Сондықтан жылы сұйықтық ішіп, 4-5 рет жақсылап терлесе кез келген вирустық ауру-сырқаудан құлан таза айығады. Сондай-ақ, компот, жеміс жидек шырыны пайдалы дәрумендерге бай екенін мен айтпасам да, білесіздер. Бұлар ең әуелі температураның түсуіне көмектеседі. Және науқас адамның арқасын, аяқ-қолын спиртпен сылау арқылы да температураны түсіруге болады. Алайда температурасы бар науқас монша қабылдамау керек.

Төртіншіден, саумал қан қысымы төмен науқастарға болмайды. Бірақ оның пайдасы иммундық жүйені реттейтін, иммундық жасушаларды қуаттандыратын минералдарға бай. Ал қымызды қан қысымы жоғары науқастарға қабылдамауға кеңес берер едім. Қымыз бен саумал өкпе аурулары бар науқастарға пайдасы орасан зор.

Page 1 of 2

StartАртқа12АлғаEnd

 

 

Театр басшысы Арман Темірбек
Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлік Жуасбек
Бас режиссер Әділет Ақанов
Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09 (вахта), 87753682271