2023 жыл театр ұжымы тың серпінмен жұмысқа кірісті
✅Жыл басы театрымызда жағымды жаңалықпен басталмақ.
Яғни, Мәскеулік К.Станиславский атындағы Электра театрының артисі, кино актері Азамат Нигмановтың режиссерлігімен алдағы уақытта жаңа қойылымының тұсауы кесілмек.
Бізбен бірге болыңыздар!
«Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттау рәсімі
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |
2022 жылдың 19 желтоқсанында
Қазақстан “Театр сыншылары бірлестігінің” ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан театрлары – 2022» мониторинг нәтижесінің қорытындысы мен «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттау рәсімінде 59 театр ішінен іріктелген номинацияларда театрымыз үздіктер қатарынан табылды.
Атап айтар болсақ:
▪️Қарлығаш Жексембаева “Екінші пландағы жыл актрисасы” номинациясында 3 орын;
▪️Актриса Ақтілек Ақанова мен қоюшы суретші Рауан Ұлықпан “Жылдың жаңа есімі” номинациясында ондықта енсе,
▪️Режиссер Ж.Садықов сахналауындағы М.Қосынның “Мен жоқ жердегі “Менің өмірім” спектаклі “Жылдың пластикалық қойылымы” номинациясында бестікке кірді.
▪️Ал, актриса Бахаргүл Құрбанова “Жыл актрисасы” номинациясында топ жарды.
Республикамыздағы 60 жуық театр қатысқан жүлдеде БІЗДІҢ ТЕАТР үздік нәтижие көрсете алды.
Бұл өз кезегінде Ертіс-Баян өңірі мәдениетінің жоғары көрсеткіші болып табылады.
Бахаргүл Құрбанова - “ЖЫЛ АКТРИСАСЫ”
2022 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан “Театр сыншылары бірлестігінің” ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан театрлары – 2022» мониторинг нәтижесінің қорытындысы мен «Сыншылар жүлдесі» сыйлығының марапаттау рәсімінде 59 театр ішінен іріктеліп, театрымыздың талантты актрисасы Бахаргүл Құрбанова “ЖЫЛ АКТРИСАСЫ” номинациясын жеңіп алды.
Рухым барда бойымдағы сөнбейді от!
Тәуелсіздік күніне орай бүгін Павлодардағы №35 орта мектебінде «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от!» атты бірлескен шара өткізілді.
▪️Бұл - Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының, Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінің, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының бірлескен ауқымды жобасының тұсаукесері болды.
▪️Шара бір уақытта мектеп ішіндегі бес нүктеде өткізілді. Мектептің мәжіліс залында білім ордасының 9-11 сыныптар оқушыларымен және ұстаздармен «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от!» тақырыбындағы еркін форматтағы негізгі кездесу ұйымдастырылды.
▪️Ал мектептің кітапханасындағы «Қолтаңба құдіреті» атты шарада жергілікті қаламгерлер шығармашыл шәкірттермен жүздесіп, сауалдарына жауап беріп, өздерінің жинақтарын қолтаңба жазып сыйға тартты.
▪️Оқу орнының фойесінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің Тәуелсіздік күніне арналған көшпелі көрмесі ұйымдастырылса, «Көз мерген һәм Сөз мерген» атты аймақта дәстүрлі садақ ату мен асық атудан сайыстар өтті.
▪️ «Алтын сақа» бастамашыл тобы мен шаршыдағы асық ойыны бойынша облыстың бас төрешісі Думан Байжырықов асықтың шаршыдағы түрінен сайыстар ұйымдастырды.
▪️Рухани-патриоттық кеш соңынан мектеп оқушыларын «Жас ұлан» ұйымының құрамына қабылдау салтанаты болды. Құрметті қонақтарға оқушыларға көк галстукты байлау мәртебесі ұсынылды.
Асанәлі Әшімұлының театр туған күніне орай құттықтауы
КСРО және Қазақстанның халық әртісі, ҚР Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Асанәлі Әшімұлының театр туған күніне орай құттықтауы.
Премьералар апталығы аясында 5
✅Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы “Театр өнерінің тарихы мен теориясы” кафедрасының профессоры, өнертану докторы, театр сыншысы Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы "Қазақстандағы театр фестивальдерінің көркемдік ерекшелігі" және
аға оқытушы, өнертану магистрі, театр сыншысы Ахмет Айжан Қадырбайқызы “Қазіргі театр: түрлері мен жанрлары” атты шеберлік сағаттарын өткізді.
Спикерлер шеберлік сағат аясында театр өнерінің даму бағыты жөнінде кеңінен тоқталып, актерлердің сұрақтарына жауап берді.